Судандағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 270 адамға жетті
23:55, 19 Сәуір 2023
АММАН. ҚазАқпарат – Судандағы қақтығыс бесінші күн жүріп жатыр. Судан денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) қақтығыс кезінде 270 адамның қаза тапқанын және 2600-ден астам адамның жарақат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесустың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Судандағы қақтығыс бесінші күн жалғасып жатыр. Халықаралық қоғамдастықтың арқасында жасалған 24 сағаттық бітім бірнеше минутқа ғана жалғасты.Қақтығыс тараптары - Судан армиясы мен Жедел қолдау күштерінің әскерилендірілген тобы елдегі маңызды нүктелер үшін соғысып, оқ атуды тоқтату режимін бұзғаны үшін бір-бірін кінәлап жатыр.
Ел астанасы Хартумға әуе және артиллериялық шабуыл жасалуда. Әуежай жабылды. Көшелерде жарылыс естіліп жатыр.