«Суға батып бара жатқан адамды көрген жағдайда ең бірінші «112» телефонына хабарлау керек. Хабарлай тұра сол жердің мекенжайын, адам суға батқан нүктені барынша нақты атау керек», - деді ол.
Маманның айтуынша, судағы адамға көмекке ұмтылмай тұрып маңайдағы адамдардың назарын аударып, оқиға орнына шақыру маңызды.
«Екіншіден, жан-жақтағы адамдарды дауыстап шақырып, көмек ұйымдастыруға талпыныс жасау қажет», - дейді Азамат Құсайынов.
Айта кетейік, биыл Астана аумағында шомылуға рұқсат етілген 4 орын белгіленіп отыр. Ол орындардың мекенжайын 2ГИС пталформасы арқылы табуға болады.