Қатты соққан желдің кесірінен құтқарушылар апат болған жерге үш күннен кейін ғана жете алған. Сүңгуірлер 30 метр су түбіне түскен кезде тірі қалған бір адамды тапты. Кеменің басқа мүшелері ауаның жетіспеуінен мерт болғандығы анықталды. Осыншама уақыт бойы кеме аспазы болып істейтін Харрисон Оджегба Окене кеменің тастай қараңғы бөлмесінде мұздай суда көмек күтіп отырған.
Егер құтқарушылар сәл кешіккенде Харрисонның да өмірден қол үзетіндігі анық еді, деп жазады Miami Herald.