Тергеушілердің айтуынша, кеме батып жатқанда капитан жолаушының кейіпіне еніп, бірінші болып қашып кеткен. Сондай-ақ жолаушылар кеме батып жатқанда, қауіпсіздік шаралары қабылданбай, керісінше адамдарға өз орындарында қалуға кеңес берілгенін айтып отыр.
Айта кетейік, «Севол» кемесі 16 сәуір күні Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында апатқа ұшыраған болатын. Қазіргі кезде 31 адам қаза тауып, 265 адам іс-түссіз жоғалғандар қатарында, деп жазады АПА.