Илларион Авченко және Эмиль Касимов әлем біріншілігі аясында бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысының (U18) іріктеу кезеңінде бақ сынады. Нәтижесінде Илларион 357.25 ұпаймен 30-орын алса, Эмиль 338.00 ұпаймен 34-орынға тұрақтады. Осылайша отандастарымыз іріктеу кезеңінен өте алмады.
Сондай-ақ Александр Подлесный үш метрлік тұғырдан суға секіру сайысының (U15) іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Дегенмен 345.45 ұпаймен 22-орынға тұрақтап, іріктеуден өте алмады.
Айта кетейік, 28 тамызда Александр Подлесный бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысында сынға түседі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионатында 26 медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.