Суға шомылып жүріп 2 адам батып кетті

АСТАНА. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте еліміздің су қоймаларында екі бірдей қайғылы оқиға орын алды. Суға шомылып жүрген егде жастағы азамат пен 20-дағы жігіт суға кетті, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бірінші қайғылы оқиға жұма күні сағат 14:00-де Алматы облысының Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласында орын алды. Суға шомылып жүрген 58 жастағы азамат Өсек өзеніне батып кетті. Оның денесін 4 сағаттан кейін ҚР ТЖМ судан құтқару қызметінің мамандары алып шықты.

Ал келесі оқиға осы күні сағат 16:30-да Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданына қарасты Жетісай қаласында тіркелді. «Достық» арнасына шомылып жүрген 20 жастағы жігіт суға кетті. Оның да денесін кешкі сағат 20:00-де ҚР ТЖМ судан құтқару қызметінің мамандары алып шықты.