Бұл туралы белгілі күйші Жанғали Жүзбай Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Қазақтың шертпе күй мектебінің негізін қалаушы, қаратаулық күй дәстүрінің шырақшысы, ғасырымыздың күй-шежіресі, Сүгірдің төл шәкірті Файзолла Үрмізов ақсақал дүниеден озыпты. «Әй, көшелі күй не теңің, «Бестөрені» тартқышын...» деп шала шертісіңді тыйып тастайтын, ақ сөйлейтін аға күйші еді, жарықтық», - деп жазады Ж. Жүзбай.
Айта кетейік, Файзола ақсақал Абылай ханның жетінші ұрпағы саналады. Қырық жыл мектепте мұғалім болып, ағартушылықпен айналысқан. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. Күйшінің «Шежіре-дастан» атты кітабы жарық көрген.