Сұхбат алып жатқан журналист суға құлап кетті - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Голландияда жергілікті телеарнаның тілшісі қала мэрінен сұхбат алып жатқанда суға құлап кетті, деп хабарлайды 1tv.ru.

Тілші қайықтың үстінде жүріп, сұхбаттасының қасына келеді. Өзіне ыңғайлы орын іздеген ол қайықтың шетіне сүйкеніп отырып, арқаннан ұстағанда тепе-теңдігін жоғалтып суық суға бірақ құлады.

Есі шыққан шенеунік мойнындағы алқаны шеше бастайды. Алайда оның ер азаматқа тән ізеттілік екпіні сонымен аяқталды. Олай дейтініміз, ол бойжеткенді құтқару үшін суға секірмей, тек құтқару белдігін тастай салды.