Ақмола облысында 14 жастағы қыздың өзіне қол салуы: өлер алдында қайта туу туралы манхва нұсқаулығын қараған

АСТАНА. KAZINFORM - Қазан айының басында Аршалы ауданының бір ауылында 2010 жылғы А.-ның өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған денесі табылды, деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Фото: Kazinform

Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған А. өз-өзіне қол жұмсаудың алдында интернетте алты түрлі түйіндер туралы материалды және қайта туу туралы манхва нұсқаулығын қараған.

Манхва – бұл Оңтүстік Кореяда кеңінен танымал комикс, ол корей мәдениетін, дәстүрлерін және ойлау тәсілін бейнелейді. 

Манхва концепциясы жаңа денеде, ұқсас әлемде немесе өткен өмірінде қайтадан өмір сүру мүмкіндігін насихаттайды.

"Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау белгілерінің болуына байланысты 2024 жылдың 8 қазанында Аршалы ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 313-1 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов. 

Қылмыстық істі тергеу арнайы прокурорға тапсырылып, тергеу барысы бақылауға алынды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында ата-аналарды (қамқоршыларды) балалардың гаджеттерді пайдалануын бақылауға шақырамыз, тек пайдалану уақытын шектеу ғана емес, сұраулардың тақырыбын да тексеру маңызды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында 14 жасар қыз өз-өзіне қол салғанын жазған едік

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға қазанның 1-інде Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында болған.