Сукук халықаралық қаржы құралы Қазақстан үшін несімен ұтымды
«Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы – ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібін дамыту институты. Егер «Сукук» халықаралық ислам қаржы құралын тарту бойынша келісім жасалса, онда ауыл шаруашылығы саласы, логистика, өзіндік құны бойынша жобалар қолға алынады. Мемлекет басшысы азық-түлік экспортын дамыту міндетін қойып отыр. Бұл бағытта экспорт Таяу Шығыс, Парсы шығанағы елдерінде белсенді дамып келеді», - деді Ерлан Байдәулет Сыртқы істер министрлігінде Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының ұйытқы болуымен өткен семинар барысында.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығынан бөлек «Сукук» сертификаттары лизингтік жобаларды дамыту бағытына да беріледі.
«Бүгін аталған мәселелер талқыланып, халықаралық тәжірибе қаралып жатыр. Бүгінгі шараның бір ерекшелігі – инвестиция жергілікті валютамен тартылады. Қазір әлемдік экономикалық тренд – ұлттық экономиканы дамыту. Долларсыздандыру, яғни ұлттық валюта арқылы бағалы қағаздарды тарту қазір бүкіл әлемде жүріп жатыр», - дейді ол.
Айта кетсек, «Сукук» сертификаты – шариғатқа сәйкес келетін әмбебап қаржы құралы. Ол – белгілі бір жобаның материалдық активтеріндегі, көрсетілетін қызметтеріндегі, активтеріндегі бөлінбейтін меншік үлесін куәландыратын тең номиналды құн сертификаты.