Бұл жайлы жобаны жүзеге асырушылар бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«Бұлар тиімділік пен қауіпсіздіктің барлық стандарттарына сай келеді», - дейді Қазақстандағы MasterCard өкілдігінің басшысы Геният Исин. Оның айтуынша, 4 мың теңгеге дейінгі транзакцияларға қолтаңба қажет емес. Жүргізілген зерттеулерге қарағанда, банк карточкалары негізінен ақша алу үшін пайдаланылады. Сондықтан Қазкоммерцбанк пен С. Демирел атындағы университеттің стандартты емес төлемдер технологиясына қатысты бұл жобасына қызығушылық өте жоғары.