Сүлеймен Демирел атындағы университетте анголалық студент Президентпен қазақ тілінде сөйлесті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сүлеймен Демирел атындағы университетке барған кезде Ангола азаматы, университеттің 4-курс студенті Ферейра Элиша Мемлекет басшысымен қазақ тілінде сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды.

Президент жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, сондай-ақ университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты.