Министрдің айтуынша, жекешелендірудің кешенді жоспарындағы барлық нысандар 2018 жылдың соңына дейін сатылуы тиіс. Дегенмен 2017 жылы мемлекеттік тапсырмаларды орындап жатқан жекешелендіруге жататын бірқатар ұйымдар бар.
«Бәсекелестікті қамтамасыз ету және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдарға 2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізбесін түзетуге уақтылы бастамашылық жасау немесе 2018 жылы мемлекеттік тапсырмаларды іске асыратын нысандардың сатылуын қамтамасыз ету қажет. Кейіннен, аталған ұйымдар орындайтын мемлекеттік тапсырмалар конкурстық негізге ауыстырылуы тиіс», - деп атап өтті ол.
Оның сөзіне қарағанда, жекешелендірудің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, «KAZNEX INVEST» АҚ-қа әлеуетті инвесторлар санын барынша тарту мақсатында қосымша интернет-ресурс www.privatization.gov.kz сайты құрылған. Онда жекешелендіру нысандары жөнінде ақпарат ұсынылған және Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру көрсетілген.
«Аталған сайттың ақпаратпен жеткілікті толықтырылмай отырғанын атап өту қажет. Осыған байланысты, Инвестициялар және даму министрлігіне, «KAZNEX INVEST» АҚ-на мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, апта сайынғы негізде жекешелендірілетін нысандар туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдегі ақпаратты өзектілендіруді қамтамасыз ету жөнінде тапсырма беруіңізды сұраймыз», - деді Сүлейменов Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа қарата.