Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
23:37, 28 Қазан 2023
Албания астанасы Тиранада грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Сұлтан Әсетұлы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Kazinform.
Финалда түркиялық Мұстафа Йылдырыммен белдескен Сұлтан 67 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.
Тағы бір қазақстандық балуан Исхар Курбаев 55 келіге дейінгі салмақта финалға жолдама алды. Ол жартылай финалда Еуропа чемпионы, түркиялық қарсыласын жолдан тайдырды. Исхар енді алтын жүлдеге таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын жастар арасындағы әлем чемпионатында Сұлтан Әсетұлының финалға шыққанын жазған болатынбыз.