Сұлтан Қожықов туралы деректі фильм жарық көрді

None
АЛМАТЫ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлығының иегері Сұлтан Қожықов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаевтың айтуынша, әйгілі өнер саңлағы қызмет еткен өнер ордасы соңғы жылдары қазақ киносының классиктеріне айналған режиссерлер туралы деректі фильмдер түсіріп жатыр. Бұған дейін Мәжит Бегалин туралы фильм түсірілген еді. Абдолла Қарсақбаев жөніндегі фильмнің түсіру жұмыстары аяқталды. Ал енді Сұлтан-Ахмет Қожықов туралы туынды да көрерменге жол тартып отыр. Онда кинорежиссердің қазақ киносының классикасына айналған «Қыз Жібек» фильмін түсіру тұсындағы басынан кешкен жағдайлары, фильмнің дүниеге келу жолы қамтылған.

«Қазақ киносының классикалық үлгісіне айналған фильмдер көп емес. Халықтың санасына әбден сіңген, саусақпен санарлық бұл туындылардың қатарына «Қыз Жібектен» басқа, «Атаманның ақыры», «Менің атым Қожа» фильмдері бар. Оның ішінде Сұлтан ағамыздың орны бөлек», - дейді Е. Аманшаев.