Сұлтан Оразалин: Популисттер - кемел келешегімізге қарсы дұшпандар

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан», «Айқын» газеттерінде жарияланған сұхбатында әділеттілік ұстанымы туралы: «Бұл жалпыадамзаттық әрі дала демократия­сынан бастау алатын, ата-бабамыздан дарыған, ежелден қанымызға сіңген құндылық. Оны жоғалтып алу адамзат үшін де, ұлт үшін де өзін өзі жоғалтып алумен бірдей.

Әділеттілік салтанат құрмаған қо­ғам­да тек қайшылық, қиыншылық, құлдырау үстемдік ететіні белгілі. Сондықтан әділетсіздікпен мемлекет, қоғам, әр адам күн сайын, бірігіп күресуіміз керек. Халқымыз айтқандай, «Әділет жолы – ауыр жол», бірақ ауыр болса да одан тура жол жоқ»- дейді.

Осы орайда қазіргі көкейтесті әрі қоғам тынысында тағдыршешті тақырыптарды қамтыған әңгімені Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сұлтан Оразалин мен Махат Садық өрбітеді.

Махат Садық: Республика тұрғындарына Әлеуметтік желілердің қоғамға ықпалытелеарналардан басымырақ болуы кейінгі кезде айқын байқала түсті.

Телеарналар эфир рейтингі деген сылтаумен, қажетсіз тақырыптағы ток–шоуларға көп уақыт бөлуде. Олардың мазмұны мен мағынасы бұлыңғыр, көбі ерте замандағы аңыз бен ертегі негізіндегі ел аузындағы әңгімелерден құралады. Олардың нақты уақытта өмір сүріп отырған ел тұрғындарына ешқандай беретін пайдасы жоқ. Әйгілі телемаман, 85 жастағы В. Познер ешқашанда Ресей ток-шоуларына қатыспағанын айтады.

Себеп сөйлеп, пікір айтуға жиналғандар еш дайындықсыз келеді. Тек естіген өсек - қауесеттерін айғайлап айтып, босқа бет жыртысады. Халыққа моральдық та, материалдық та берер өнегесі, үлгі – тәрбиесі аз.

Кешкі прайм–тайм уақытында шығатын Қазақстан телеарналарындағы ток-шоу бұдан да сорақы. Сапасы мен мазмұны төмен. Эфирге қолы бос кез - келген кісі шақырылады. Сөйтіп, ешкімге қажеті жоқ бос ақыл айту жарысы басталады. Мұндайды атам қазақ: «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген. Яғни, пәтуәсі парықсыз сөз бәйгесі. Жалпы ежелден «Қазақ» ақыл айтудан әлемде бірінші орындағы ұлт деген мәтел бар. Осы эфирдегі көп сөз, артық «ақылдар» қазір тұрмысымызда да кең орын алды. Қоғамда жұмыс істеудің орнына «Үкімет қайда қарап отыр?»- деп, ақыл айтумен «сынаққа сылтау іздейтін» топ көбейе түсті. Яғни, мемлекет қаржысына мемлекеттік эфир арқылы қоғамымызға жұмысқа енжар, сөз бен сылтауы және «ақылды идеялары» таусылмайтын жастар мен «жалаңтөс саясаткерлерді» өзіміз қолдан тәрбиелеп отырған жоқпыз ба?

Сұлтан аға, сіз Советтік Қазақстан кезінде еліміздің телеарнасының бас жүргізушусі болдыңыз. Ол кезде қандай тақырыптар эфирде айтылушы еді?

Сұлтан Оразалин: Бір ауыз сөзбен жауап беру қиын. Тереңнен толғайын. Олкездегі жағдай, әлеуметтік орта басқаша болатын. Біз бар тақырыпта бағып, артықкетпейік деп астарлап та сөйлейтінбіз. Ойымызды эфирде ашық айта алмайтынбыз. Мәселе көтерсек, Компартияныңидеологтары мен құзырлы органдар сол мәселені қайдан таптың деп сұрау салатын. Мүмкіндігімізаз еді. Мен отызға жуық мемлекет және қоғам қайраткерімен телевизияда әңгімеқұрдым. Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсрепов, Ғабиден Мұстафин бастаған ең көрнектіжазушылармен сұхбат жасадым. Сол кездің өзінде бүгінде де көкейкесті кесексауал болып отырған тіл тақырыбын тереңнен таратып айттық. Қазақ қандай болған,қазіргі жағдайымыз қандай, болашақта қазақ ұлтының төрткүл дүниенің төріненалар орны қандай, келешекке қай жетістікпен қадам баспақпыз деген түбірілітақырыптарды көтеретінбіз. Жазушы Ғабиден Мұстафиннің менімен болған сұхбатта«біз ұлтшылдықпен күрестік, сіздер ұлтсыздармен күресесіздер», деп айтқан сөзіафоризмге айналды. Бұл ғаламат сөз еді. Бірінші басшы Қонаевтан бастап, ауылдағымектеп мұғалімінің санасына әсер еткен ұлағатты сөз болды. Ол кезде қазақмәселесін көтеріп, ұлттық дүниетанымды айтатындарды «ұлтшылдар» деп айдарлап күстәлегеншақ. «Ұлтшыл» деп аталғандардың жолы жабылатын. Қызметтен қуылатын, түрмегеотырғызбаса сол жақсылық еді. Ғабиденнің бұл сөзі көпке ой тастады. Қазір ұлтшылдыққа ешкім тежеу қойып отырғанжоқ. Айтылады, жазылады. Сол жерде қалады. Қанша мәселе көтерілуде. Бірақ соғанкөңіл бөліп отырған жауапты қызметкерлерді байқамаймыз. Бізде қазір сөздің мәнімен мағынасы кетті. Сөз ұғатын пенде қалмады. Бәлкім сөз қадірінің кетуікөсемдердің көбеюінен де болар. Небір ойы таяз жылпақайлар шешен болып, ұлтқажанашыр көрінгісі келеді. Хәкім Абай айтқандай:

Жалын мен оттанжаралған
Сөзді ұғатынқайсың бар?
Партия жиып, пара алған,
Бейілді кедей байсыңдар.
Қулық пенен құбылдан
Жалықсаң, жақсы жансыңдар.
Түзелмесе шұғылдан,
Арсылдар да қалшылдар.
Несі өмір,
Несі жұрт?
Өңшең қырт,
Бас қаңғырт!

Не көп, газет пен журнал көп. Телерадио бастан асады. Содан да көпсөзділік мылжың әңгімеге айналғандай. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар да жетеді. Ол кезде бір партия ғана болды. Әрине, оның пайдалы жағы мен зиянды жағы бар. Жалғыз партияның билігіндегі ортаңқол функционерлер ел болашағын белгіледі. Тосын ой, жаңаша пікірге жол бермеді. Өздерінің тар қөзқарасы шеңберінен ешкімді шығармады. Соған қарамастан елге керек сөзді астарлап болса да айттық. Бүгін жұрт оқитын әдебиетіміздің классикасы да сол жылдары жазылды.

Махат Садық: Сананы адами дұрыс ойлау жолынан аздырудың тіке жолы – жалған ақпарат.Өтірікке ренжисіз. Қолдан түзету келмесе, елемеуге тырысасыз. Біртіндепүзіліссіз жалған насихатқа құлақ үйренеді. Түбінде жалған ақпарат қоғам санасын билейді.

Студенттік жылдары жалған насихат пен ұлтқа қарсы сұрқия саясатты көзбен көрдік. Осы кезде республикамызға Қонаевтан кейін басшылыққа келген Колбин қазақ халқының қанша мұң-мұқтажын қорғаймын, «бір жылда қазақ тілін үйреніп шығам» деп көлгірсігенімен, сол ұлттан шыққан нигилистерді өзінің астыртын арандатушылық әрекеттерінде шебер пайдаланғанын айтуымыз керек. Оған ондай адамдар қажет еді. Колбиннің сөзі мен ісі қабыспай жатты. Халықтың күй-жайын күйттеген болып, бәріңді жарылқаймын деп, бір жағынан жар салып жатса, екінші жағынан оның ұлттық дәстүрлеріне, белгілеріне қарсы шықты. Оның бұл ісіне қазақтыққа жаны қарсы өзіміздің ұлттық нигилистер жан-тәнімен қызмет етті. Оның аузынан сәл-пәл сын, ұнатпаған лебіз шықса болды, жаңағылар іліп ала жөнеледі. Колбинге бой берместен интернационалдық мөлшерге сай келмейтін ұлттық ескерткіштерді өз қолдарымен тұншықтырып тас-талқан етуге кірісті. Мысалы, Колбин: «Мен зираттардың үйден де әдемі, төбе басына салынатынын көрдім. Мұсылмандардыкі әдемі. Тіріде де біргеміз, өлгенде неге бөлек жатады» деуі мұң екен, жанындағы қазақ идеологтар тақырыпты өздері-ақ іліп ала жөнелді. Олар шаршап жүрген Колбиннің арақты басып жіберіп, аузына келгенін осылайша былжырай салған сөзін қазақстандық идеология дәрежесіне көтерді. Сол кездегі бас идеологымыз ислам діні туралы арнайы баяндама жасап, мұсылмандықты әшкереледі. Ислам діні ескі әдет-ғұрыптарды, дәстүрді сақтап, оған әсер етіп, ұлтшылдық көріністерді жандандыра түседі деп сынады. Сол сол-ақ екен, газеттер мен радиода бейітті жаппай әшкерлеу басталды. Бұл енді ұлтымызға қолдын жасалған көп қиянаттың біреуі ғана. Совет заманында осындай қаншама масқарадан өттік десеңізші!

Сұлтан Оразалин: Ел билігіндегі ортаңқол идеологтарымыздың ой-өрісі сондай болды. Қызмет үшін Мәскеу, Кремль сұрамағанталай сұрқия белсенділікке барды. Қазір де мұндай бар. Ертеде ол ұлтты осылайашық сату болса, бүгінде ел игілігінен ұялмай қаражатты ұрлау. Жемқорлық таұлтты сату. Өткенге салауат деп кешегімізді ұмыта салуға болмас. Жақсысыніріктеу керек. Жаманынан сабақ алу – дамудың баспалдағы. Өкініштісі қажетсізкерексізді қайталау күшейген бе деймін. Өзің айтқан таусылмайтын ток–шоулар ментелевизияда жүргенде мұншалықты көп емес еді. Рас, ол кезде де елге танымал қайраткерлер мен еңбек ардагерлерін жинапалып КПСС сьездерінің талаптары тұрғысында жалған, жасанды сұрақтарғажауаптарын алдын ала тәптіштеп түсіндіріп, жаттағандарын құлшына айтқызыпэфирден бердік. Бүгінгі ток–шоулар да сондай. КПСС орнында жын-ойнақ тақырып. Қоғам,даму, мәдениет, ғылым, демография, тағы басқа әлеуметтің алдында тұрғанөзекті мәселелер туралы айтылмайды. Ойға ой қосатын жаңа идея, шығармашылықтабыс, саясатта, ғылымда, мәдениетте пікірталас тудырып жүрген мәселелердіңмаңына бармайды. Ыржың – тыржың. Көлдеңен келген көк аттылар сыпыра сөйлеп,студияға жиналғандарды қытықтап күлдіргендеріне мәз.

Қазақтар мұндайды ежелден қысыр әңгіме дейді. Қыстың ұзақ кешінде еріккеннен ермек іздегендер өткен мен кеткенді теріп, іске татыр пәтуәлері болмаған соң, айтылатын көк езу қырт-мырт дүние. Сананы тұрмыс аясынан шығармаудың қазіргі айла –шарғысы. Абай атамыз мұндай метаморфозаны жіліктеп түсіндіріп айтып кеткен.

Махат Садық: Коммунистік идеологияныңреспубликамыздағы өкілдері ортаңқол ой-өрісімен қазақтың санасына қоқыстолтырып кетті. Сол қажетсіз миды улаған жалған насихатпен тәуелсіздіктіңалғашқы жылдары қатты күрес жүрді. Сіз Совет Одағы кезінде екінші сатыға түскенана тілімізді көтеру үшін аянбай қызмет еттіңіз. Мемлекттік тіл комитетін басқардыңыз. Министр болдыңыз. Сол жылдардыеске түсіріп өтсек…

Сұлтан Оразалин: Өмір деген тоқтаусыз, қарбалас құбылыс. Бүгін жасағанісіңіз ертеңгі күннің өлшемінде елеусіз қалуы ықтимал. Айтарым, сол кездерде Солтүстікмұзды мұхиттың сеңіндей сіресіп жатқан тіл саясатын орнынан қозғадым. Екі жарымжыл Тіл комитетін басқарғанда қазақ тілінің жанашыры бар екенін, қазақ тілітәуелсіз мемлекттің бас тілі екенін жалпы қоғамға түсіндіре алдық. Менбасқарған кезде Тіл комитетінің құзыры мықты еді. Алқа жиналысымызда кез келгенминистрліктің тілге қатысты атқарып отырған жұмыстарын қарап, ешкімге жалтақтамайшешім шығара алатынбыз. Облыс әкімінің қызметіне де баға беретінбіз.Министрлер мен әкімдер Тіл комитетімен санасатын, сынымыздан қорытындышығаратын. Қазіргі «Тіл туралы» заңды бір жыл бойы айтыс –тартыспен Парламентте қабылдаттым. Осы заңның қазақтіліне берер мәртебесі аз емес. Тек соны орындату керек. Заңды жазамыз,қабылдаймыз. Мәселе сол заңдарды бұлжытпай орындататын тетіктердің болуында.

Махат Садық: Тіл тақырыбында шетелден мысал келтірейін. Тіл туралыбірінші заңды француздар қабылдаған. Авторы президент Миттеран. Қытайда тілжазуы деген комитет бар. Ал тіл мәселесін қатты қолға алғанБалтық жағалауындағы Литва, Латвия мен Эстония елдері. Олар тілді бұзатындарғаарнап заңдық негізі бар айыппұлмен жазалануын енгізді. Біздің тіліміздің дамымайотырғаны жемқорлықтыңкесірі емес пе?

Сұлтан Оразалин: Тілді ақшаныңкүшімен орнықтыру мүмкін емес. Мен Тіл комитетін басқарғанда жалақыдан басқақаражат көзі болмады. Сонда да талай жұмыстар атқардық. Кейіннен Тіл комитетінемиллиардтап қаржы құйылды. Оқулықтардың түр–түрі шығарылды. Тегін тіл үйрену курстары бар. Өкініштісі,ықылас пен ниет жоқ. Қадағалайтын орган мен сұрайтын адам жоқ. Бос жатқан қаржыкім көрінгеннің иелігінде, көлдеңен көк аттының жемқор астауында жоғалды.

Махат Садық: Сол жеп кеткендерді бәріміз білеміз. Құғынға түссе,жанашырлық жасаймыз. Зиялы ғой, кешірейік, дейміз. Жемқорлық қылмыстарыкешірілмеуі керек. Басқа емес, Тілге бөлінген ақшаны ұрлағандарды кешіруқазақшылықтың қандай көрінісі. Құрдымға кетудің қандай өлшемі?

Сұлтан Оразалин: Батпаңдап кірген ауру мысқылдап шығады. Мен советтікидеология тәртібінде өстім. Шашымнан башпайыма дейін сол тәрбие сіңген. Ішкітоқтам, түйсік бар. Ал соны білмейтіндерге не айтамыз. Еврей жұрты қырық жылбойы бақыт іздеп жер кезгені содан. Құлдық санадан құтылу үшін уақыт қажет.Жемқорлар - құлдық санамен уланған бейшаралар. Үндістанды алып қараңыз.Ағылшындардың отарында бізбен салыстырғанда аз болды. Тәуелсіздік алғалы да қашан.Әлі құлдық санадан шыға алмауда. Халықтың санасын тазарту үшін нақты жұмыстаратқарылуы міндет. Нақтылықсыз іс ілгері баспайды. Құр сөз, жалаң ұрандарменжарға жығыламыз. Өзіңіз де байқаған шығарсыз, кейінгі кезде популистер төрге озабастады. Міне нақты іске, кемел келешегімізге қарсы дұшпан осы популисттер. Дүниедеоқымаған наданнан, оқыған надан өте қауіпті.

Махат Садық: Советтік заманда Жазушылардың билік пен қоғамға ықпалыерекше көп болды. Қазақша жазып, бала–шағаларынжеткізді, оқытты, беделін салып қызмет әперді. Бірақ сол балалары әкелерініңкітаптарын оқи алмайды. Түсінбейді. Ана тілін білмейді. Тіптен қажетсінбейді.

Сұлтан Оразалин: Айтсам, жаным түршігеді. Ақиқат шындық. Советтік кезеңгекешіріммен қарауға болар. Ол кезде орысша оқымасаң - адам болмайсың деген ұғымжеңіп тұрды. Орыстың білімін игерсен, қазақтікі қажет емес деген сенім сананыбилеген кез еді. Соның салдарынан мықты қазақтардың тектілігі – асылқасиеттері парасаттылық үлгісі ұрпақтан-ұрпаққа жетпей, ұлттық кодпенжалғасатын сабақ­тас­тық үзілді. Тектілік дәстүр қасиеті үзілген-бұзылған жағдайда солэтнос құриды. Отаршылық кезеңінде халқы­мыздыосы тектілік қасиетінен айыру­ға айрықша күш салды. Совет­тік кезеңде оқығанұлт зиялы­ларының ұлтжандылықтан қашу әрекеті, балаларын жаппай орыс мектептеріндеоқытуы ғасырлар бойғы бойымызға атаның қаны, ананың сүтімен дарып, сүйеккебіткен асыл текті­лік қасиетімізден айырды.

Біздің алдыңғы толқын ағаларымыз шетінен классик еді. Бірақ балаларын орысша оқытты. Орыс мектебіне берді. Ол жақсылыққа жеткізбеді. Айтсам мысалдар өте көп. Біз соны көзімізбен көрдік...

Сондықтан да менің замандастарым балаларымызға қазақша білім беру үшін Алматыдағы жалғыз қазақ мектебін жағаладық Жиырма шақырым жердегі мектепке автобуспен балаларымызды тасыдық. Менің құрдастарым Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев балаларын қазақша тәрбиеледі. Бәрі үш-төрт тіл біліп шықты. Алыс –жақын елдерде білім алды. Ұрпақтарымыз Тәуелсіздік жолында қызмет етуде. Заман түзелді. Қазір бәрі басқаша ғой. Сөйтсе де зиялылар жағы балаларын қазақшаға тәрбиелеуге ынтасыз. Жақсысын қадірлеп сыйлау, төбеге көтеріп құрметтеу елдіктің белгісі. Соған бүгінгі қазақ қоғамын үйрету керек, тәрбиелеу керек. Кейде бұрынғыны дәріптеп, қазіргіні жамандаймыз. Ертеде Абайды, Шәкәрімді сабаған да өз қазағымыз. Бәрі салыстырмалы. Бастысы көкірегі ояу, санасы жоғары ұлттық ұлағаттарға адал адамдарға кеңінен қолдау көрсетілуі керек. Қоғам Әділеттің ақ туын ұстануы – берекелі болашағымыздың кепілі.

Махат Садық: Әділеттілік ұстанымын атап өткенПрезидентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, белгілі жазушы Кемел Тоқаевтың «Ұясынан безген құс» романын қайталапоқып шықтым. Шығарма авторы өз кітабында ұлы Абайдың: «Біріңді қазақ, бірің дос,көрмесең істің бәрі бос» тағылымын жан – жақты дамытады. Тереңнен толғайды.Тамырдан тартады.

«Қазақы ұямыз – таза, пәк ұя. Содан безсең - азғындайсың» деген идеяны мұрат еткен туындының бас кейіпкерлері құқық қызметкерлері - қазақ ұлтының ар–ұятты, мал–жаннан биік қоятын мораліне сүйеніп өз міндеттерін орындайды. Жазушы сол кездегі әдебиетте айтылмайтын Ұлт тақырыбына тоқталып, ағайынның ала болмауын кейіпкерлерінің әрекетімен баяндайды. Қазақтың бір–біріне әділетті қарым–қатынасы ел бірлігін, ынтымағын, ұлт ұясын қадірлеп – қастерлеуге бастайды деген көкейтесті ойын романдағы сюжеттермен жеріне жеткізе пісіреді. Жазушылық өнердегі ең қиын машақат – кейіпкердің жан толқыныстарын бейнелеу. Әрбір шығармадағы оқиғалар, ойлар мен сезімдер толғанысы Көрнекті қаламгер Кемел Тоқаевтың шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірінің танымы мен талғамы, сараптауы мен саралауының жемісі – ӘДІЛЕТТІЛІК болған. Оны біз жазушының барлық кітаптарынан кездестіреміз. Жазушының асыл мұраты еліміздің болашақ бағытын айқындауға бастау салғаны – кемел келешегіміздің кепілі.

Соңғы жаңалықтар