Сұлтан Сарсемалиевтің соттағы күлкісі жаза тағайындау кезінде ескерілді

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда төрт адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сарсемалиевтің сот процесі кезіндегі мінез-құлқы жаза тағайындау барысында ескерілген.

Видеодан алынған скрин

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Зарема Хамидуллина үкімді түсіндіру кезінде айыпталушының сот отырыстары барысында жәбірленуші тараптың сөздеріне күліп отырғанын атап өтті.

— Сарсемалиев, сіз процесс барысында және қазірдің өзінде күлкіңізді жия алмай отырсыз. Мінез-құлқыңызды сот толық ескерді. Жәбірленуші тараптың сөздеріне күліп отырғаныңызға сот жаза тағайындау кезінде баға беріп, ескерді, — деді судья.

Судьяның айтуынша, бұл қылмыс тек жәбірленушілердің отбасына емес, бүкіл қоғамға ауыр моральдық соққы болған.

— Қандай да бір ашу орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Бір отбасын толыққанды қасақана қазаға ұшырату — қоғамға жасалған моральдық ауыр соққы. Қоғам арасында үрей қалыптасты, — деді Зарема Хамидуллина.

Еске салайық, бүгін, 2026 жылғы 14 шілдеде қоғамды дүр сілкіндірген қанды қылмысқа нүкте қойылды. Сұлтан Сарсемалиевтің кінәсі толық дәлелденіп, ол өмір бойына сотталды.