Сұлтан Темірбаев Қазатомөнеркәсіптің қаржы жөніндегі бас директоры болып тағайындалды
13:27, 01 Қыркүйек 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сұлтан Темірбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ–ның экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Самұрық-Қазына» қорының мәліметінше, бұған дейін Сұлтан Ермекұлы үш жылға жуық уақыт бойы Қазатомөнеркәсіптің және Cameco корпорациясының бірлескен кәсіпорны «Инкай» БК» ЖШС-де экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары болған.
2008 жылы ол University of Durham (UK) экономика саласындағы бакалавр дәрежесімен бітірген. Одан басқа, Сұлтан Темірбаев PMP /Project Management Professional/ жобаларды басқару саласында сертификатталған маман.