Сұлтанның екінші жартылай жеңіл салмақта WBO European чемпионы болғанына қарамастан ол Ботеллимен атаққа таласқан жоқ. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген болатын. Қазақстандық қарсыласын 5-ші раундта нокаутқа түсірді.
Бұл ретте үшінші раундта төрешінің Сұлтанға нокдаун жариялағанын айта кету керек.
Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіби бокстағы карьерасында 13-ші рет жеңіске жетті. Ал Николас Ботелли 7-ші рет жеңілді. Сұлтан алдымен мальтиялық Хайтем Ламузбен (17-1, 7 КО) жұдырықтасуы керек еді. Алайда ол жарақатына байланысты жекпе-жек алдында жарысқа қатыса алмайтынын мәлімдеді.