Сұлтанғали Кенжеқұлов «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Директорлар кеңесінің шешімімен Кенжеқұлов Сұлтанғали Құрманғалиұлы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы лауазымына сайланды. Бұл туралы «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Сұлтанғали Кенжеқұлов 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Халықаралық қатынастар саласының маманы.
Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы болып бастаған.
2006–2016 жылдары — ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің атташесі, ҚР Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші, бірінші хатшысы, ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
2016–2017 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрінің инвестиция жөніндегі арнаулы кеңесшісі.
2017–2019 жылдары — «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қытай Халық Республикасындағы өкілі.
2019–2023 жылдары — ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы, ҚР Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелер бойынша кеңесшісі.
2023 жылдан осы уақытқа дейін ҚР СІМ Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалған болатын.