Суматра жағалауында күшті жер сілкінісі болды

МӘСКЕУ. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін индонезиялық Бенгкулу провинциясында тербелісі 6,1 баллдық жер сілкінісі болды,

деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі. Бұл туралы Ұлттық метеорология және геофизика басқармасы мәлімдеген.

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен таңғы сағат 06:10-да тіркелген. Оның кіндігі Бинтухан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 73 шақырым жерде 57 шақырым тереңдікте болған.

Цунами болатыны жайлы ескертулер жасалмаған, құрбан болғандар мен қиратулар туралы ақпараттар жоқ.