Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті.
Оның айтуынша, кәріз қызметтерінің тарифтері қаңтарда 3 өңірде 51%-дан 57%-ға дейін өзгерген.
«Сумен жабдықтау және кәріз қызметтеріне тарифтер өсуінің негізгі себептері - электр энергиясына бағаның көтерілуі. Себебі, ол өзіндік құнда 30%-ды құрайды. Сонымен қатар химиялық реагенттер, материалдар құнының өсуі, жөндеу жұмысы шығынының әсері болып отыр»,-деді агенттік басшысы.
Бұдан басқа тарифке сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру мен жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны іске асыру әсер ықпал етеді.