Концертке аты аңызға айналған Level 42, еуропалық танымал джаз ұжымы Mezzoforte өнер көрсетеді. Бұл фестиваль Қала күнін мерекелеу аясында өткізілетін ең танымал мәдени оқиға ретінде есте қалмақ.
Концерттің басты қонақтарының бірі бүкіл әлемге 30 миллион жазбасын сатқан, 18 әнжинағы әрі 40 үздік хиттерінің жиырмасымен әйгілі, Ұлыбританиядағы ең ықпалды топ саналатын, атышулы «Level 42» тобының негізін қалаушы Марк Кинг. Шараның тағы да бір қонағы танымал еуропалық джаз ұжымы «Mezzoforte» тобы. Итальян тілінен аударғанда «Mezzoforte» - «аса қатты емес» деген мағына береді. Бұған атышулы топтың миллиондаған тыңдармандары «алайда өте сапалы» деген баға беруде.