Көлдің тереңіне сүңгіген иркутскілік сүңгуір Байкал түбінен балдыр басқан фотоаппаратты тауып алды. Аппараттың қосылмады алайда флеш-картасы әлі де іске жарамды екен.
Сүңгуір жадыны телефонға салып, мақтау қағазын алған кішкентай қыздың фотосын тапқан. Мақтау қағазында жазылған есім мен ауыл аты анық оқылған. Таныстарына хабарласып, фотоаппаратын жоғалтқан жанұямен байланыс орнатқан.
Фотоаппаратты жолғалтқандар Байкалға демалуға барған және жергілікті балықшылар оларды қайықпен қыдыртқан. Қайықтағы серуен кезінде фотоаппарат отағасының қолынан суға түсіп кеткен болып шықты.