Қос мықты 5 мамыр күні Мәскеуде өтетін АСВ86 турнирінде кездеседі.
Айта кетейік, Арман Оспанов (8-2-0) соңғы жекпе-жегінде қазылар шешімімен ресейлік Алексей Полпудниковқа жол берген болатын. Акоп Степанян (25-10-0) соңғы кездесуінде британдық спортшы Эндрю Фишерден жеңілген еді.
ACB62 турнирінде Акоп «Снайпер» Степанян бразилиялық Феллип Крузбен күш сынасқан кезде «Кеш нокауты» авторы атанған.
Осы ретте Арман «Сұңқар» Оспанов та жапон спортшысы Тайчи Накажиманы жеңіп «2017 жылдың нокауты» номинациясына ие болған.