«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, кеше футболшылар клуб басшылығымен кездесуді талап етті. Өтініштері орындалмаған соң жаттығу өткізілмеді. Оның бастамашысы кім болғаны әзірше белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, қаскелеңдіктер премьер-лиганың турнирлік кестесінде соңғының алдындағы орында тұр және маусым қорытындысы бойынша жағдай өзгермесе, олар екінші дивизионға жіберіледі.