Су объектілерін халықты ауызсумен қамтамасыз ету көздеріне жатқызу қағидалары бекiтілді

Фото: Қазсушар БҚО филиалы

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының бұйрығымен су объектілерін халықты ауызсумен қамтамасыз ету көздеріне жатқызу қағидалары бекiтілді.

Құжатқа сәйкес, су объектілерін халықты ауызсумен қамтамасыз ету көздеріне жатқызу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету санитариялық қағидаларға және гигиеналық нормативке сәйкес шаруашылық-ауызсумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланылуы мүмкін су объектілерін сәйкестендіру және жіктеу жолымен жүзеге асырылады.

Су объектілерін халықты ауызсумен қамтамасыз ету көздеріне жатқызу үшін мыналар:

1) санитариялық қағидаларға сәйкес әзірленген СҚА жобасы;
2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) сәйкес сумен жабдықтау көзіне эпидемиологиялық мәні жоғары объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негіздеме саналады.

Су объектілері халықтың ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсатында су айдындарының акватория учаскелерін (су қоймалары, өзендер, көлдер, теңіздер), жағалаудағы құрлық жолағын, сондай-ақ санитариялық қорғау аймақтарын (су айдындары ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланылған жағдайда) пайдалануы үшін ауызсумен қамтамасыз ету көздеріне жатқызылған кезде мыналар:

1) дауыл, су айдынына құятын өзендердің тасуы (жайылуы) кезіндегі су айдынының гидрологиялық және гидрохимиялық деректері;
2) халықты сумен жабдықтау үшін суды неғұрлым көп жинау кезіндегі судың құрамы мен қасиеттерінің көрсеткіштері;
3) дауыл, су айдынына құятын өзендердің тасуы (жайылуы) кезінде нормаланатын заттар шоғырлануының орташа арифметикалық мәні;
4) басым жағалау ағыстары;
5) айдау-қума желдер ескеріледі.

Осыған дейін хабарланғандай, Қызылорда облысында су ресурстарын басқару шаралары күшейтілді.