SUP-бордпен сырғанап жүрген 6 адам құтқарылды
20:35, 23 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ қызметкерлері SUP-бордпен сырғанап жүрген 6 адамды құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтау қаласы 4а шағын ауданы маңында Каспий теңізінде SUP-бордпен сырғанап жүрген 6 адамды жел жағадан 300 м қашықтықта алып кеткен.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері адамдарды жүзіп барып, оны жағаға қайықпен аман-есен жеткізді.
Айта кетелік Іле Алатауында жарақат алған турист құтқарылған еді.