Super bol жобасы УЕФА-да таныстырылды

Бүгін Давид Лория әлемдегі ең танымал залдардың бірінде УЕФА аудиториясына Super bol жобасының қорытындысын ұсынды. Бұл туралы Kazinform жобаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Super bol

«УЕФА-ның бұл залы футболмен өмір сүреді және тыныстайды: жыл сайын бәрі Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімін бақылайды, кеше ол жерде ЕУРО-2028 додасын футбол отанында өткізу туралы маңызды шешім қабылданды. Ал бүгін дәл сол залда қазақстандық өнім таныстырылды. Презентациядан бөлек Қазақстан футболы үшін маңызды оқиға болды – Super bol мен UEFA MIP Alumni Association (УЕФА-ның Құрама ойыншыларына менеджементті үйрету бағдарламасы түлектерінің қауымдастығы) арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. UEFA MIP Alumni Association тарапынан маңызды құжатқа Гаррэт Фаррэлли қол қойды, – делінген ақпаратта.

Аталған қауымдастыққа кімдер кіреді? Бағдарлама түлектерінің қатарында – Рикардо Кака, Жулио Сезар, Флоран Малуда, Клеменс Фритц, Коло Туре бар.

Жаңа серіктестік Super bol жобасын халықаралық деңгейге шығарып, дамуға жол ашады.

Super bol жобасын таныстыруға Давид Лориямен бірге БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев пен Қазақстан футбол федерациясы атқару комитетінің мүшесі Асқар Ұранхаев та қатысты.