Суперкомпьютер цифрлық егемендікке жасалған маңызды қадам болмақ – Жаслан Мәдиев

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық суперкомпьютерді іске қосу технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етеді және Қазақстанды цифрландырудың негізгі қадамына айналады. Бұл туралы «Jibek Joly» телеарнасының тікелей эфирінде Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Фото: JibekJoly

Оның айтуынша, бүгінде отандық стартаптар, бизнес құрылымдары мен қаржы ұйымдары есептеу қуатын Amazon және Google сияқты шетелдік IT алпауыттарынан жалға алуға мәжбүр. 

– Біздің жеке суперкомпьютеріміздің пайда болуы жасанды интеллектіні енгізуді жылдамдатады, сыртқы инфрақұрылымға тәуелділікті азайтады және елді технологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді, - деді министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысқанын хабарлаған едік.