Суперкубок: «Қайрат» - «Ақтөбе» кездесуі қалай өтті - фоторепортаж
18:50, 22 Ақпан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Астана футболсүйер қауымның назарында болды. «Астана-арена» стадионында алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары кездесті.
Былтыр алматылық клуб ел чемпионы атанса, ақтөбелік команда Қазақстан кубогына қол жеткізген болатын. Екі команда суперкубокта алғаш рет кездесті. Алматылық «Қайрат» 2:0 есебімен ақтөбеліктерден басым түсіп, суперкубок иегері атанды. Ойынның қаншалықты қызықты өткенін Kazinform фототілшісінің суреттерінен тамашалаңыздар.