"Кимчи сараптамаға жіберілді. Бұдан басқа, тауарды жеткізуші де тексеріледі. Мән-жайды анықтағанша, өнімді сату тоқтатылды», - деп түсіндірді басылымға "Самбери" дүкенінің маркетинг департаментінің директоры Анастасия Артюшкина.
Салаттан бақа табылғаны жайлы оқиға «ВКонтакте» желісінде жариялағаннан кейін белгілі болды. «Парижский депода «Самбери» дүкенінен кимчи сатып алып жедік, ішінен бақа шықты. Бұдан кейін қалай өмір сүруге болады, сатылымға шығарған өнімнің сапасын ешкім тексермегені ме?»- делінген хабарламада. Сондай-ақ онда бақаның жағымсыз фотосы да салынған.