Супермаркеттерде ұрлық жасағандары үшін ширек миллиондай адам ұсталған - Ресей
08:19, 06 Ақпан 2009
МӘСКЕУ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат - «Х-5 Ритейлгрупп" жариялаған 2008 жылғы мәліметтер бойынша, былтыр "Пятерочка", "Перекресток" және «Карусель» супермаркеттер желілерінде ұрлық жасағандары үшін 250 мыңдай адам ұсталған.
Бұлар тек қолға түскендері ғана. Ал іс жүзінде ұрылар бұдан екі-үш есе көп болған. Сауда желілерінің өкілдері, дүкендердегі ұрлық жасағандар үшін әкімшілік жаза мен айыппұлдарды қатайту, сондай-ақ, бөлшек сауда компанияларына тауарлардың өзіндік құнына барлық ұрланған заттардың құнын қосуға мүмкіндік беру үшін салық кодексіне өзгертулер енгізу керек деп санайды. ҚазАқпарат бұл туралы РСН агенттігіне сілтеме жасап хабарлап отыр.