Медбике курсында оқыған барлық әйелдер жұмысқа орналастырылған, ЭЕМ-ның операторлері де жұмыссыз қалмайды.
«Бірден жұмыс таба алмағандарға жұмыспен қамту орталығы көмектеседі, деп атап өтті әлеуметтік бағдарлама бөлімінің басшысы Қайрат Нұрмағамбетов. - 91 мекемемен келісім шарт жасалып, 527 әлеуметтік жұмыс орны құрылған ».
Павлодардың ауылдық аумағынан келген 4 қатысушы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына атсалысты. Олар жылыжай және наубайханаға қатысты бизнес-жоба дайындап, 10 миллион теңге сомасына шағын кредит алды.