Соның салдарынан жолдағы қозғалыс шектелді, сондай-ақ зауытқа жақын жерде орналасқан үйлердің қақпалары мен шатырларына зақым келген. Шатырдың опырылуы салдарынан зауыт қызметкерлерінің 8 жеңіл автокөлігі зардап шекті. Зардап шегушілер жоқ.
Оқиға орнында Өскемен ТЖБ және қала әкімдігі мамандары жұмыс істеуде. ШҚ ӨЭК мамандары электр энергиясын қалпына келтіргеннен кейін, зауыт жұмысшылары шатыр орнын тазартты. Оның жалпы аумағы 5000 текше метрді құраған.