«Волгодонск қаласында қатты ұйытқыған жел 25 метрлік ескерткішті қиратты. Ертең ескерткішті кесіп, қаладағы өндіріс ошақтарының біріне жібереді», - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желі қолданушылары жазғандай, сұрапыл жел Волгодонск ауданы Романовск станицасындағы Як-18П ұшағының стелласын ұшырып жіберген. Ұшақ жерге құлап, аударылған.