Орталықтан хабарланғанындай, еліміздің таеквондошылары Аян Абдраш 58 кг және Нұрдәулет Жақып 68 кг салмақта өнер көрсетіп, қола медаль алды.
Сондай-ақ, әйелдер арасында қазақстандық таеквондошы Айжамол Абдикатова 49 кг салмақта сынға түсіп, үздік бестіктен көрінді.
XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындары 15 мамырға дейін жалғасады. Оған әлемнің 100 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр.
Еске сала кетейік, қазақстандық үстел теннисшілері Сурдлимпиада ойындарын 3-орынмен қорытындылады.