«Биыл Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен жаттықтырушарға біржолғы төлемдер беру үшін ҚР Үкіметі резервінен 3 610 586 265 теңге мөлшерінде қаражат бөлінсін.
Қолданылып жатқан шаралар спортшылардың дайындығын жаңа деңгейге көтеруге және халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп жазылған құжатта.
Сонымен қатар қаулыда Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларына берілетін қаражат сомасы көрсетілген. Оған сай, ең қомақты сыйақы аталған турнирде І орын иеленген жеңіл атлет Фархад Кыстаубаевқа берілуі мүмкін – 110 652 500 теңге.
Ал ІІ орын үшін – 66 957 000 теңге, ІІІ орын үшін 32 585 250 теңге сыйақы тағайындалған. Ең аз мөлшердегі сыйақыны Сурдлимпиадада 6-орыннан көрінген төрт спортшыға беру жоспарланған. Олардың әрқайсысына ұсынылатын қаражат – 2,1 млн теңге.