Суретке түспек болып ажал құшты - Ақмола облысы

None
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Красный Яр ауылындағы Абай көшесіндегі электр тарату желісінің жоғары вольтты бағанасы басында 20 жасар жергілікті тұрғынның мәйіті табылды, оны суретке түсу үшін жоғары вольтты тірекке мінген кезде электр тоғы соққан.

Бұл туралы Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мүрде мәйітханаға жіберді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. 18 жасар Красный Яр ауылының тұрғыны мен 14 жастағы қыз бала оқиға куәгерлері болды.