Суретші 1952 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында жұмыс істей бастады. Ол алғашқы кәсіби театр режиссерлерінің бірі болды.
Қылқалам шебері 20-дан астам қойылым декорациясын дайындаған. Оларға Ф.Яруллиннің «Шурале», Н.А.Римский-Корсаковтың «Кащей бессмертный», В.Великановтың «Қамбар және Назым», Дж. Пуччини «Флория Тоска», Дж. Верди «Травиата» және т.б. жатады.
Айтымбай Молдабеков 1960 жылдан 1975 жылға дейінгі кезеңде әскери-патриоттық, тарихи-револициялық, еңбек, отбасы, бақыт, махаббат және бейбітшілік тақырыптарында сурет салды. Біртуар шебер өзінің еңбектерінде адам сезімін шынайы жеткізе білді.