АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада суретші Бақтыбек Талқамбаевтың бірегей шығармашылығына арналған «Мәңгілік ел» атты көрме ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Шежіре» қазіргі заман өнері галереясының директоры Роза Жүсіпова мәлім етті.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы бізді, шығармашылық адамдарына өз өнерлерін ұштау, жетілдіру жолында шабыт бере түседі. Сондықтан да біз қылқалам шебері, Шымкент педагогикалық институтының профессоры Бақтыбек Талқамбаевтың көрмесін ұйымдастырмақпыз. Көрме «Мәңгілік ел» деп аталады», - деді ол.
Айта кетейік, Б.Талқамбаевтың «Мәңгілік ел» көрмесінің басты идеясы ноосфера туралы Вернадский мен Леруаның түсініктерімен, идеяларымен үндес келеді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.