Хонг Йи есімді бойжеткен сурет өнеріне алғаш қадам басқанда картиналарын бояумен салған. Кейін суретті түрлі әдіспен салуды үйренеді. Оның ішінде таяқшамен салған суреттері сәтті шыға бастады.
Осылайша, жас суретші өнерімен тәнті еткен сүйікті әртісіне сый жасауды көздеген. Ол үшін 64 000 дана таяқшаның көмегіне жүгінген екен. Ал аталған таяқтарды жинауға бір ай уақыт кеткенін де айта кету керек. Ең қызығы, ол таяқшалар бұған дейін пайдаланылған болып шықты.
Соған қарамастан, суретші діттегініне жетті. Ол актердің 60 жылдығына арнаған сыйын Бейжіңде өткен қайырымдылық кешінде табыстады.