Сай Твомбли - америкалық суретші, мүсінші-абстракционист. Твомбли өз туындыларын еркін тәсілде салған, атап айтқанда оның суреттері көбінесе бейберекет орналасқан сызықтар мен іздерден тұрады.
Бір қарағанда баланың шимай-шатпағына ұқсас келетін суреттердің шын мәнінде терең мағынасы бар. Және бұл туындылар әлемдік мәдениеттанушылар арасында үлкен танымалдылыққа ие.