Суретшілер үй қабырғасына коронавируспен күресті бейнеледі: Дәрігерге бас иеміз

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көпқабатты үйдің қабырғасында коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлерінің бейнесі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы Әсет Мұқажановтың хабарлауынша , мурал Құрманғазы Шәріпов көшелері қиылысындағы үйдің қабырғасына салынды.

«Қаламыздың жас суретшілері қауіпті індетпен күресіп жүрген біздің дәрігерлерге арнап мурал салды. Күн сайын медицина қызметкерлері өз бастарын қатерге тігіп, COVID-19-ға қарсы іс-қимылда алдыңғы шепте еңбек етіп жүр. Қауіпті індеттің беті қайтып, өміріміз қалыпты арнаға түскенде, осы муралға қарап, ақ халатты абзал жандарды ризашылықпен еске аламыз. Дәрігерлерге бас иеміз! #AlmatyBirgemiz», - деді Әсет Мұқажанов.