Суретшілердің елорда тойына арналған көрмесі өтеді

АСТАНА. Маусымның 20-сы. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Шілденің 4-і күні Астанадағы Қазіргі заманғы өнер мұражайында ашылатын Қазақстан суретшілерінің көрмесі елорда күні мерекесіне арналады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазіргі заманғы өнер мұражайында жыл сайын елорда күні құрметіне арнайы көрме ұйымдастырылады. Астананың 11 жылдық мерекесінде Марат Бекеев пен Андрей Нода және Эдуард Казарян өз туындыларын қалалықтар мен елорда қонақтарының назарына ұсынбақшы. Көрменің салтанатты ашылу рәсімінен кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өткізіледі. Сондай-ақ қылқалам шеберлері сурет өнерін құрметтеушілермен жүздесіп, өнер және шығармашылық тақырыбында пікір алмасады.