Суреттер «сөйлейді»: Г.Головкиннің екпіні мен тегеуірінін Монро бірден таныды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс жанкүйерлері бүгін үлкен жекпе-жектің куәгері болды. Калифорнияда Геннадий Головкин мен америкалық боксшы кіші Вилли Монроның айқасын көруге 12 мыңнан астам көрермен жиналды.

Әдетте көп сөз айтпайтын Геннадий Головкиннің өзі бұл айқасты «драмалық шоу» деп атаған. Онымен келіспеуге қиын: GGG-дің талай қарсыласының тізесін бүктірген қайсар шабуылдары мен қайталанбас стилінің арқасында бұл жекпе-жекте бірінші минуттарынан-ақ өзіне назар аудартты.

Жекпе-жек бастала салысымен америкалық боксшы қарағандылық жерлесіміздің тегеурінін танып қалды. Шаршы алаңдағы жағдайды фотосуреттерден байқауға болатындай.