Үш аптаға созылған ғылыми экспедицияның мақсаты Суринамның оңтүстік-шығысында орналасқан қалың орманда өмір сүретін жан-жануарлардың тізімін жасап, тұщы су қорын анықтау болатын, деп түсіндірді ғалым Associated Press-ке берген сұхбатында.
Ғалымдар адамзатқа беймәлім жайынның, сондай-ақ балықтың жаңа 10 түріне жан-жақты сипаттама берді. Сонымен бірге, жалпы Оңтүстік Америкада ұзындығы бойынша екінші ең кішкентай болып табылатын көлемі бар болғаны 2,3 мм ғана жаңа қоңыз түрі табылды. Зерттеушілердің айтуынша, экспедицияның нәтижелері туралы толық ақпарат кейінірек берілетін болады.