Заңға сәйкес, суррогат анамен шарт жасасатын ерлі-зайыптылар:
· суррогат ананың медициналық тексеруден өтуіне кететін шығындарды төлейді;
· қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға жұмсалатын шығындарды өтейді;
· репродуктивтік технологияларды қолданатын медициналық ұйымға өздерінің дене және психикалық саулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеру нәтижелерін ұсынады;
· суррогат ананың жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі 56 күн ішіндегі медициналық қызмет көрсету шығындарын өтейді. Егер жүктілікке немесе босануға байланысты асқынулар болса, бұл шығындар босанғаннан кейінгі 70 күнге дейін төленеді.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «Топырақты қорғау туралы» заңға да қол қойған еді.