Сусамыр дертінің бірден-бір емі - ірімшік

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Күніне екі тілім ірімшік жейтін адам өзін сусамыр ауруының дендеп кету қаупінен сақтайды.

 Мамандардың айтуынша, мұның сыры - ірімшіктің ферменттелуінде.

Ірімшікке қатысты зерттеуді ағылшын және голланд дәрігерлері бірігіп жүргізген. Олар дені сау 16 800 адам мен ІІ типті сусамыры бар 12 400 науқастың ас мәзіріне талдау жасаған. Зерт­теудің қорытындысы бойынша күніне кем дегенде 55 г ірімшік өнімін жеп тұратын адамдар арасында артық салмақпен байланысты қауіпті кеселдің 12%-ға сирек байқалғаны анықталды. Ірімшік құрамында болатын пробиотикалар (ағзаға қажетті бактериялар тобы) ашыған кезде D дәруменін, кальций мен магнийді түзіп қана қоймай, сусамырдың дамуын да тежейтінге ұқсайды. Мұндай қасиет йогурт түрлерінде де бар көрінеді, деп жазады «Алш айнасы» газеті The Daily Mail басы­лымына сілтеме жасап.