Сүт импортын кеміту тұтынушылардың құқығын шектегенмен бірдей - «Сапа» бірлестігі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі саласындағы «Сапа» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлиякпар Матишев отандық сүт өндірушілердің импортты реттеу туралы талабы орынсыз екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргітаңда мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметі түрлі регламенттерменшектелген. Осының салдарынан тұтынушы өндірушімен бетпе-бет қалып отыр.Бізсоңғы бірнеше жыл бойы елдегі сүтөнімдерінің қауіпсіздігін бақылап келеміз. Өйткені, сүт өнімі елдіңдастарханындағы негізгі тағамның бірі болып саналады. Сараптамалар нәтижесінде біз тұтынушылардың, әсіресе отандық өндірушілерге айтары көп екенін анықтадық», - дейді ол.

Бірлестікбасшысы бүгінгі жағдайда сүт өнімдерінің импортын азайту тұтынушылардың құқығын шектегенменбірдей екенін айтады.

«Тұтынушыүшін алған азығының қауіпсіз болғаны оның қай елде өндірілгенінен әлдеқайдамаңызды. Отандық өндірушілер елдегі нарық шетелдік сүт өнімдеріне толыпкеткенін мәселе ретінде көтеріп, мемлекеттен тиісті шара қолдануды сұрайды.Мәселені бұлай қарау орынсыз. Өйткені, отандық өндірушілер нарықты адал бәсекеаясында жаулап алуы қажет. Ал мемлекет тұтынушыны шетелдік қауіпсіз өнімдердітұтынудан шектеу арқылы отандық өндірушілерді қолдау деген дұрыс емес. Бұлтұтынушының құқығыншектегенмен бірдей», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар